1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Ауқатты ауылдық округінің құрамына кіретін Бәйтерек ауылында шағын футбол және стрит-воркаут алаңшасы ашылды.
Шалғай орналасқан елді мекен тұрғындары үшін бұл орны бөлек оқиға болды. Өйткені, ауыл жастары енді салауатты өмір салтын ұстанып, спорттан қол үзбейді.
Спорт нысанының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, ауылдық округ әкімі Алмас Иенберген, спорт бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов қатысып, ауылдың үлкен-кішісі көптеп жиналды. Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов тұрғындарды жаңа спорт алаңшасының ашылуымен құттықтап, бұл нысан жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға, ауылдан болашақ чемпиондардың шығуына сеп болсын, деген тілегін жеткізді.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын «Kazstroi.kz» ЖШС-гі жүргізген болатын. 6 сәуір күні басталған жұмысты мердігерлер мерзімге сай аяқтаған.