Іс-шараға аудандағы этномәдени орталықтардың жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысты. Жиналған қауымды аудан әкімінің атынан оның орынбасары Дамира Сүгірбай құттықтап, игі лебіздерін жеткізді. Атап айтатын болсақ, «Әзери» әзербайжан этномәдени орталығының белсенді мүшесі Замин Заманов, «Отечество» славян этномәдени орталығының мүшесі Светлана Османова, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының мүшесі Мумады Хасанов, «Вынхуа» дүнген этномәдени орталығының мүшесі Воинце Вангар, «Йинпан» дүнген этномәдени орталығының мүшесі Саре Хурова, «Шаңырақ» қазақ этномәдени орталығының мүшесі Жомарт Тынышбеков, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының белсенді мүшесі Дильшадбек Хурушанов, «Саладин» күрд этномәдени орталығының белсенді мүшесі Паша Усеиновке мерекеге орай алғыс хаттар табыс етті.
«Қазақстанда мекендейтін барлық этностардың достығы мен бірлігі – біздің басты жетістігіміз бен байлығымыз. Биік шыңдарды тек қана бірлігі жарасқан ел бағындыра алады. Сондықтан бірлікті сақтау — әр азаматтың парызы болып табылады. Ұлтаралық бірлікті нығайтуға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамын», — деді өз сөзінде Дамира Маратқызы. Содан кейін шараға шақырылғандар естелік сыйлықтармен марапатталып, суретке түсті.