Дүйсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Бегзат Болатбековтың қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті. Ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мерекеде ел тыныштығын күзетіп жүрген жауынгерлер, аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Салтанатты жиын Әнұранымыздың шырқалып, мемлекеттік Туымызды сахнаға шығару рәсімінен басталды.
Бұл күн – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің нышанын сипаттайды. Еліміздің іргесі қаланып, тәуелсіздікке қол жеткелі бері қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби әскер құруға ерекше көңіл бөлініп келгені рас. Бүгінде еліміздің Қарулы Күштері қалыптасу мен дамудың даңқты жолынан өтіп, жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейіне жетті.
Бұл жолда көп еңбек етілді, ауқымды жұмыстар атқарылды.