ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІС-ШАРАЛАР

0

Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесінің басты мақсаты — Гвардейск гарнизоны аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 2024 жылғы (2024ж.-1 шақырылым) мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының басталуына байланысты, әскери бөлімдерге келген жас сарбаздарды күтіп алу және шығарып салу кезінде, олармен әскери команданы немесе бөлімді өз бетімен тастап кетуді алдын алу бойынша түсіндірме сабақтары өткізілуде.

Әскери бөлімдерде кинолог маманымен қызметтік итті пайдалана отырып, бөлім аумағында есірткі және оқ-дәрілермен жарылғыш заттарын заңсыз сақталуын болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар 2024 жылғы мамыр айының негізгі іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мақсатында, 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр «Ұлы жеңіс күні» мейрамына орай 2024 жылғы 6-9 мамыр аралығында Гвардейск гарнизонының жауапты аймағында Қордай аудандық полиция бөлімі №19 учаскелік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Гвардейск әскери қалашығында, әскери қызметшілер жиі шоғырланған жерлерде, көңіл көтеру орындарына жақын аймақтарда күшейтілген түрде қызмет атқарылып, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Гвардейск әскери қалашық тұрғындарымен «Қоғамдық тәртіпке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормаларын жеткізу» туралы профилактикалық әңгіме сұхбаттар өткізілді. Осы іс-шаралар өткізу барысында, әскери қызметшілер тарапынан құқық бұзушылық жасаған немесе масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзған әскери қызметшілер анықталған жоқ.

Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын тауып, әскери тәртіпті нығайту барысында бар күшімізді салып қызмет атқарамыз.

Саурбек ТАСБОЛАТОВ, Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесінің офицері лауазымын уақытша атқарушы сержант

Leave A Reply

Your email address will not be published.