БІР ЖОЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

0

Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы №10-3 «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешімінде төмендегі бір жолғы әлеуметтік көмек түрінің қарастырылғанын хабарлайды:

Санаторий – курорттық емделуден өткен жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек беріледі.

Жоғарыда көрсетілген бір жолғы әлеуметтік көмек Қордай ауданы аумағында тұрақты тіркеуде тұрған азаматтарға көрсетіледі.

Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49 үй (байланыс тел: 2-10-03) мекенжайы бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты мекенжай бойынша жергілікті әкімдікке жүгінуге болады.

А.ЕЛЕУСІЗОВА, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы                                                  

Leave A Reply

Your email address will not be published.