Халық үніне құлақ асатын мемлекет

0

Халықтың мұң-мұқтажы мен түйткілді сұрақтарының оң шешілуіне қоғамдық қабылдаулардың ықпалы зор. Соңғы жылдары аудан әкімінің қабылдауына келушілердің де, шешімін тапқан мәселелердің де саны арта түскен. Бұл халықтың жергілікті билік өкілдеріне деген сенімінің дәлелі болса керек.

Бүгін аудан әкімі Бегзат Болатбеков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға оннан астам аудан тұрғындары келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелерін айтып, өтініш-тілектерін жеткізді.

Азаматтар көбіне тұрғын үй, жер мәселесіне қатысты сұрақтарды көтерді. Сондай-ақ, материалдық көмек сұрай келген тұрғындар да болды.

Бегзат Сейсенқұлұлы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді. Азаматтар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер мен проблемаларды мүмкіндігіне қарай дер кезінде шешілуіне ықпал жасаса, уақыт қажет ететін бірқатар мәселелерді толық зерделеп, заң аясында орындау үшін жауапты бөлім басшыларына тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.