Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қордай ауылында веломарафон өтті. Веломарафон №47 М.Х.Дулати атындағы тірек мектебі жанынан бастау алып, Жібек жолы көшесімен жүріп өтіп, орталық стадионға қарай ағылды. Велошеруге Қордай ауданының мемлекеттік мекемелері, спортшылар, жастар, мектеп оқушылары, жалпы саны жүзге жуық адам қатысты. Бірлесе үлкен байрақты желбірете жүрген марафоншылар ел айшығы саналатын рәміздерді ұлықтауға ерекше көңіл-күймен келгені көрініп тұрды. Аудандық орталық стадион марафоншылардың мәре нүктесі болды. Онда марафоншыларды аудандық мекеме қызметкерлері күтіп алып, осыдан кейін барлығы бірлесе Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
Рәміздер күніне байланысты осы күні жалпы аудан бойныша мерекелік шаралар қолға алынды.
Еске сала кетсек, еліміздің рәміздері — Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ