БЕРЕКЕЛІ БАСҚОСУ – БІРЛІК БАСТАУЫ

0

Масаншы ауылында этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ аға буын мен жергілікті тұрғындар арасындағы өзара байланысты жандандыру мақсатында «Бірлік – береке бастауы» атты тағылымды басқосу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Масаншы, Қарасай, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты, Қызылсай, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2, Өтеген және Қарасу ауылдарының ақсақалдары, аудандық қоғамдық кеңес өкілдері мен белсенді жастар қатысты.

Жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл және Қазақстан халқы Кеңесінің мүшесі, Бақылау кеңесінің төрағасы Лугмар Буларов ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің мемлекет дамуының маңызды негіздерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ өңірдегі тұрақтылықты сақтау, этносаралық татулықты нығайту және жас ұрпақты бірлік пен өзара құрмет рухында тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

Басқосу барысында ауыл ақсақалдары өзара пікір алмасып, көршілес елді мекендер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, бірлескен мәдени және қоғамдық іс-шараларды көбейту жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Берекелі басқосу соңында ақсақалдар елдің амандығы мен жұрттың ауызбіршілігін тілеп, ақ батасын берді.

Фариза ҚОРАБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.