ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар және экономикалық өзгерістерімен ерекшеленеді. Заманымызға сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары, халықаралық деңгейге сәйкес бәсекеге қабілетті білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттің ең маңызды стратегиясы.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалім қауымы алдына жаңа талап-міндеттер қойып отырғаны сөзсіз.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың басты жолы әр мұғалім өз тәжірибесіне инновациялық әдістерді енгізе отырып, білім сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Осыған орай ағымдағы жылдың 10-21 маусым аралығында Қордай ауданындағы Балжан Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің базасында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Курсты «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Аманкүл Есмырзақызының жетекшілігімен «Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында жүргізілді.
Курс бағдарламасы аясында: педагогтер нормативтік құқықтық актілерде бекітілген орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаларын қарастырды.
Сонымен қатар тыңдаушылар цифрлық ресурстар тарих және құқық негіздері сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар әзірлеп, өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдай түсуде.
Курста педагогтер креативті, шығармашыл, сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту барсында «Tarsia», «Тимбилдинг», «Квест», «FILA» стратегиясы, «Кейс-талдау», т.б. әдістерді сабақта қолдану өте тиімді екендігіне көз жеткізді.
Курстың қорытындысы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін оқытудың тиімділігін талдау және олардың алған білімдеріне қорытынды бағалау жүргізіледі. Мұғалімдердің сабаққа қатысуы және олардың сабақтағы белсенділігі, мысалы, сыныптағы/топтағы басқа қатысушылармен өзара әрекеттесу, жауап беру және жаңа идеялар мен шешімдерді ұсыну сияқты критерийлер бойынша бағаланады. Курс соңында мұғалімдер қорытынды тест тапсырып, сертификатталады.
«Тарих және құқық негіздері пәнін оқытудың инновациялық әдістері» курсының тыңдаушылары