Негізгі экономикалық көрсеткіш

0

Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады. Сауалнаманың негізгі параметрлері – Brent маркалы мұнайдың бағасы, ел экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауар және қызметтердің экспорты мен импорты, сондай-ақ ұлттық валюта бағамы.

Биыл мамыр айында мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Респонденттердің орташа күтуі бойынша 2024 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орташа есеппен барреліне 83,3 доллар деңгейінде қалыптасады. 2025 және 2026 жылдарғы күтулер 80,0 доллар деңгейінде сақталып отыр.

2024 және 2026 жылдарға экономика бойынша болжам 4,3% және 4,5%-ға дейін қайта қаралған. 2025 жылы, бұрынғыдай 5,0% деңгейінде өсім күтіледі. 2024–2025 жылдарға инфляция болжамы алдыңғы сауалнама нәтижелерінен аса ерекшеленбей 8,5% және 6,8% болды.

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам өзгермеген. Жылына орта есеппен – 14%.

Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық банк болжамы кірмейді. Онда ішкі және әлемдік нарықтағы ахуалдың даму барысына қатысты нарықтың кәсіби қатысушыларының тәуелсіз пікіріне, бағалауына және күтуіне шолу жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.