МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БАҒДАРШАМЫ

0

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды және жалпы қабылданған талаптарды, сондай ақ мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық имиджіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сонымен бірге олардың мінез-құлқының негізгі стандартарын белгілейді және мемлекеттік органдарға қоғамдық сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара іс-қимылдың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі себебі, мемлекеттік қызметкер қоғамның айнасы деуге болады. Негізінде, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес, қызметтік міндеттерін орындау мәдениетіне де қойылатын талаптарды белгілейді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасын бұзу ғана емес сондай-ақ, тәртіптік теріс қылықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері де ескеріледі.

Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Әр мемлекеттік қызметші әдеп нормаларының бұзылуының жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзгеде шаралар қабылдауы, қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеуі тиіс.

Ұжымда іскерлік және сыпайылық өзара қарым-қатынасты орнату мен нығайтуға ықпалы ету керек.

Мемлекеттік қызметшілерден әдеп кодексімен белгіленген талаптарды бұлжытпай сақтап, үнемі орындау талап етіледі.

Ж.ДАДАБАЕВА, Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл

Leave A Reply

Your email address will not be published.