ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Аудан әкімдігінде биогаз станциясын салу бойынша елімізде ауқымды жобаларды іске асырып жүрген «Русатом сервис» ЖШС-нің бөлім басшысы Эрик Якубаевпен кездесу өтті.

Кездесуге аудан басшысы Бегзат Болатбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, мал шаруашылығымен айналысатын ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалық басшылары қатысты.

Мәлім болғандай, «Русатом сервис» ЖШС ауданға құны 5,5 млрд. теңгені құрайтын, 2,4 мВт электр энергиясын өндіру бойынша биогаз станциясын салуды жоспарлап отыр. Жоспар табысты іске асатын болса, ірі көлемді инвестиция келіп, тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша ауқымды істер қолға алынбақ.

Қазіргі таңда қаржы салу бойынша мәселе жоқ, тек жобаны іске асыру бойынша аудан тарапынан қолдау қажет болып отырғанын алға тартты серіктестік өкілі.

Эрик Якубаевтың айтуынша, Алматы және Жамбыл облысында аталмыш станциялардың құрылысын жүргізу, яғни Қордай, Байзақ аудандары және Ақмола облысында салуды жоспарлап отыр.

Көбіне ТМД елдерінде электр қуатын өндіруді жолға қойған серіктестікке аудан әкімдігі тарапынан қолдау болатынын айтқан Бегзат Сейсенқұлұлы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне мал шаруашылығымен айналысатын ірі қожалықтармен жұмыс жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Барлығы ойдағыдай іске асатын болса 16 айдың ішінде аудан көлемінде жаңа электр станциясы бой көтермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.