Табиғатқа, жеке учаскеге немесе саяжайға шыққан кезде, өрт сөндіру орны ғимараттардан алыс және жақын жерде өрт шығуы мүмкін ештеңе болмауы үшін алдын-ала сақтық шараларын жасау керек. Ағаштардың астында, құрғақ шөп пен қурайлардың маңында от жақпаңыз.
Егер сіз өртті байқасаңыз дереу «101» немесе «112» телефоны бойынша (ұялы телефоннан) өрт сөндірушілерді шақырыңыз, содан кейін сақтықты сақтай отырып, жануды қолда бар құралдармен сөндіруге кірісіңіз.
Жеке үйлердің маңында қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?
Саяжай учаскесінің және оған іргелес жердің аумағын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, түскен жапырақтардан, шөптерден уақтылы тазартыңыз. Есіңізде болсын, жанғыш орта жоқ жерде от болмайды. От жағуға, қалдықтарды осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген жерлерде жағуға болады, тек адамның бақылауымен.
Б.ӘПІЛБЕК, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері