«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ НӘТИЖЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТИІС

0

Жақында ауданға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров келіп, аудан әкімі Бегзат Болатбеков, облыстық Құрылыс басқармасы басшысы Ерлан Орынбаевпен бірге Қарасу және Қаракемер ауылында салынып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы құрылысы барысымен танысты.

 

Қарасу және Қаракемер ауылдарында бой көтерген 300 орындық «жайлы мектеп» құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ толығымен қаржыландырады. Республикалық деңгейдегі қаражат жұмсалғандықтан, бұл қос нысанға қадағалау ерекше. Сол себепті де Н.Календеров құрылыстың белгіленген уақытта тапсырылып, сапасы да жоғары болу керектігін айтты. Бұл мектептердің ерекшелігіауылда да қалада да бірыңғай стандартпен салынады. Мұнда бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдар болады. Пәндік кабинеттер тек заманауи жабдықтармен жасақталады. Бір сөзбен айтқанда оқушыларға білім алуға барлық жағдай қарастырылуы тиіс.

Н.Календеров мергігер өкілімен сұхбаттасып, құрылысқа қатысты өз ойпікірін білдіріп, жауаптыларға тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.