ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН АЙҚЫНДАУ БОЙЫНША КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

0
  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы «Қасық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылғы 06 қыркүйек, жергілікті сағат 11.00-де, Әлжан ана ауылы, Домалақ ана көшесі, №72 үй мекен-жайы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа Әлжан ана ауылы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша нарық қатысушыларын айқындау шығарылады.
  3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде арнайы жабдықталған көлік құралдары және жұмысшылары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
  4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алып, конкурсқа қатысуға жазбаша өтінімді Әлжан ана ауылы, Домалақ ана көшесі, №72 мекен-жайы бойынша ұсынуы тиіс.
  5. Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2024 жылғы 05 қыркүйек сағат 12.00-ге дейін.
  6. 2024 жылғы 03 қыркүйек, сағат 16.00-де конкурстық комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
  7. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (72636) 2-40-47

 

Ескертпе: Аудандағы барлық ЖШС және ЖК мекемелері конкурсқа қатысуға ниет білдіре алады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.