Аудан әкімдігі және Кордай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті. Қордайдағы Жасыл саябақта өткен шараға жергілікті
15 кәсіпкер қатысты.
Жәрмеңкеге тауарларын алып келген кәсіпкерлер қолжетімді бағамен кеңсе құралдарын, балалардың мектеп сөмкелері, формалары мен аяқ киімдерін тұрғындарға ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, ата-аналар мен оқушыларға алдағы оқу жылында жақсы білім алып, жетістіктерге жетулеріне тілектес екенін жеткізді. Іс-шара барысында жергілікті өнерпаздар ән айтып, көпшіліктің көңілін көтерді.
Шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға жағдай жасап, дайындықты жеңілдетуге бағытталған.
«Мектепке жол» акциясы аясында жалпы демеушілікпен 7 млн. 030 мың теңгеге 165 балаға көмек көрсетілсе, бюджеттен 340 317 640 теңгеге 7180 оқушыға керек-жарағы алынды.