2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды

0

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жарқын болашағы үшін маңызы зор бірқатар мәселелер қозғалды. Солардың бірі – білім беру саласы. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде білім саласына баса назар аударып, осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті.

«Біз жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Ендігі міндет – Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған нақты міндеттерді жүзеге асыруға халық болып атсалысу. Біздің №7 Бетқайнар колледжі аудан жастарына техникалық және кәсіптік білім беріп келе жатқан іргелі оқу орны. Алдағы уақытта да ауылға ауадай қажет мамандарды даярлауда Мемлекет басшысы атап өткен нақты талаптарды ескеріп, ел игілі жолында қызметімізді жалғастырмақпыз.

Г.Әлімбаева, №7 Бетқайнар кәсіптік колледжінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.