Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округінің әкіміне үміткер Сапарбай Әсет Берікұлының сайлауалды бағдарламасы

0

Құрметті Қақпатас ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Сапарбай Әсет Берікұлы 1990 жылдың 6 ақпанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қақпатас ауылында дүниеге келдім.

Білімім жоғары 2013 жылы Тараз қаласының М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін бітірдім. Мамандығым – құқықтану.

Еңбек жолымды 2010 жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігіне қарасты көліктегі полиция департаментінің қызметкері болып бастадым, 2017 жылдың 1 қазанынан бастап өз еркіммен жұмыстан босатылуыма байланысты жұмыстан шықтым.

2020 жылы 15 қазанынан  бастап 2021 жылы 10 маусым аралығында Қақпатас ауылдық округі әкімінің міндетін атқардым. 2021 жылы 10 маусымнан бастап, осы күнге дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарудамын. Өзекті мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.

Мен мұны тек сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!

Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

— Қақпатас ауылынан өтетін Батыс Еуропа-Батыс Қытай республикалық маңызы бар жолға бейнебақылау орнатуға;

— Қақпатас ауылдық округіне қарасты Қақпатас ауылы мен Беріктас ауылдарын аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге;

— Қақпатас ауылына балалар ойын алаңшасын салуға;

— Қақпатас ауылына күрес залының құрылысын бастауға;

— Қақпатас ауылының медициналық пунктін фельдшерлік акушерлік пунктке ауыстыруға;

— жеке қаражат есебінен инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға;

— Беріктас ауылына саябақ салып, ағаштар егіп, көгалдандыруға;

— игерілмей жатқан бос жерлерді қайтаруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының іске асырылуына бар күш-жігерімді саламын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.