Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округінің әкіміне үміткер Бедельбаев Расул Базарбекұлының сайлауалды бағдарламасы

0

Өмірбаян

Мен, Бедельбаев Расул Базарбекұлы, 1989 жылдың 30 шілдесінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы Сұлутөр ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 2006-2008 жылдары Алматы экономикалық-техникалық колледжінде «Экономист» мамандығы бойынша, 2009-2017 жылдары Халықаралық құқық, қаржы және бизнес академиясында «Экономист» мамандығы бойынша білім алдым. 2010-2013 ж.ж. « Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының Сұлутөр бастауыш бөлімшесінің Атқарушы хатшысы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ инспекторы; 2013-2015 ж.ж. «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы және облыстық бюро мүшесі; «Жастар ресурстық орталығы» КММ сектор басшысы. 2017 жылы, 6 ай «Жастар ресурстық орталығы» КММ директор міндетін орындаушы, 2018-2019 ж.ж. «Жастар ресурстық орталығы» КММ Әлеуметтік қызмет көрсету сектор басшысы; 2019 жж. – «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры 2020 ж.ж. – Қордай ауданы «Қордай адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі қызметін атқарып келе жатырмын.

Отбасылық жағдайым – үйленбегенмін.

 

Егер мен Қақпатас ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, ауыл тұрғындарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ауылға лайықты қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асырылуына ат салысатын боламын:

— Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған ауыл тұрғындар арасында насихаттай отырып жолдаудағы көрсетілген мәселерді ауылда жүзеге асыруға үлес қосамын;

— 2024-2026 жылдары Қақпатас және Беріктас ауылдарының ауылішілік көшелерін жарықтандыруын жүргіземін;

— ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көп балалы аналарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуге ықпал етемін;

— ауылда қоғамдық тәртіптің сақталуына, ауыл жастарының тәрбиесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземін;

— ауылдағы жайылым жерлер мәселесін қарастыруға ықпал етемін;

— алдағы уақытта әлуметтік сала, экономика, инфроқұрылымның дамуына, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, атқарылып жатқан өзге де саяси бағыттардың жүзеге асуына үлес қосамын.

Қорыта айтқанда менің алға қойған мақсатым ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.