2023 жылы аудан аумағында автокөліктердің өртену оқиғасы 2022 жылмен салыстарғанда өскен. Өрттің шығуына басты себеп болған автокөлік тоқ сымдарының қысқа тұйықталуы.
Жоғарыда аталған деректер қайталанбау үшін Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және Қордай аудандық №15 өрт сөндіру бөлімі сіздерге төмендегідей ережені түсіндіреді.
Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да хабардар етеді. Сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктердің жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлау болуы мүмкін. Төгілген жанармай бақытсыздыққа әкелген оқиғалар аз емес: кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті.
Көліктегі синтетикалық материалдар былай жанады: анықталған температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт басталғанға дейін де адам көліктің ішінде бір жарым минуттан көп емес отыруына болады – бұл орташа мәліметтер.
Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін.
Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.
Гараждардағы өрт қауіпсіздігіне байланысты шектеулер:
— күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;
— гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;
— қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;
— бөлшектерді керосинмен, жанармаймен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;
— пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйым салынады.
Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті — өйткені осы уақытта бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды клемдерге берік бекіту керек.
А.Амангелді, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің инженері