БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ИГІЛІГІ ҮШІН

0

Балалардың амандығы – еліміздің жарқын болашағының кепілі екені даусыз. Осы тұрғыда, ауыл жеткіншіктерін барлық жағынан қолдау шаралары атқарылып келеді. Соның бір дәлелі ретінде, Қызылсай ауылында балалар ойын алаңшасы бой көтерген болатын.

Ауқатты ауылдық округіне қарасты, Қызылсай елдімекенінде балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Осыған дейін, ауыл азаматтары аудан және ауыл әкімінің кездесу жиындарында дәл осы балалар алаңқайы қажеттігі жөнінде мәселе көтерген болатын. Бүгінде тұрғындардың сұранысы ескеріліп, кезең-кезеңімен шешімін табуда. Нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында басталып, тамыз айында толығымен аяқталып, ел игілігіне қолданысқа берілген.  Ал, межелі жұмысты уақытында, әрі сапалы атқарып шыққан мердігерлік мекеме «Құрылыс Консалт LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.  Су жаңа ойын алаңшасында заманауи талапқа сай,  балалардың уақытын қызықты өткізуіне қолайлы түрлі жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар, ауыл балаларына ыңғайлы етіліп, көше бойына орналастырылғанын айта кеткен жөн. Бүлдіршіндерін аулаға жіберуге қорқатын тұрғындар енді алаңдамайтын болдық деп отыр. Ата-ана үшін баласының қуанышты жүзін көруден, олардың шаттанған әрбір сәтіне куә болудан асқан қандай бақыт бар?!

Қолдау білдірген ауыл әкімдігі тарапына ата- аналардың алғысы шексіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.