Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарлама

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: zh.dadabaeva@zhambyl.gov.kz, otdelkadr17@mail.ru.

  1. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-03, (лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу. Бөлім арқылы бюджет есебінен жаңадан салынатын құрылыс нысандарына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламаны әзірлеп, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына «elicense.kz» порталы бойынша электронды түрде тапсыру. Бюджеттік құрылыс  нысандарының Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға қажетті бастапқы материалдарды өз кұзіреті шегінде  дайындау. Бөлім мен  мердігерлер және жобалаушы ұйымдар арасында құрылған келісім-шарттар бойынша құрылыс жұмыстарының орындалуын қадағалау. Құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне дейінгі жұмыстарын өз міндеттеріне қатысты үйлестіру. Аудан әкімдігінің отырыстарына өз құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы мәселелері бойынша материалдар, ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шығымдарға мерзімінде мәлімет даярлау. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және басқа материалдардың дайындалуын жүзеге асыру. Кіріс-шығыс құжаттарының уақытылы және сапалы орындау. Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген, бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді өзге де функцияларды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардан жеке меншігіне және ведомстволық қарамағына қарамастан мемлекеттік мекемелерден ақпарат алу. Бөлімнің архивын жүргізу. Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады. Еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Графика немесе мүсін немесе дизайн немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе ақпараттық жүйелер немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері немесе автоматтандыру және басқару немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе сәулет немесе геодезия және картография немесе  құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе  жерге орналастыру немесе кадастр немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-05, (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қаражаттық қызметті бақылау. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту және жетілдіру, төлемақы құжаттарын рәсімдеу және тіркеу, бюджеттен қаражатты аудару үшін жинақтау рұқсаттарды тіркеу  және рәсімдеу. Кіріс түсімдерін есептеу, басқа ұйымдармен есептер бойынша операция жүргізу. Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуына және оның жоғарғы деңгейде орындалуына жауап береді. Аналитикалық есеп жүргізу, есептегі қалдықтарды бақылау, жинақ қаржыландыру жоспарының төлемдер мен міндеттемелерін орындалуын қамтамасыз ету. Жеке істерді жүргізу, біліктілігін көтеру бойынша өкілетті және атқарушы органдардың мемлекеттік тілде бекітуге ұсынатын нормативтік актілерді ресімдеу. Бөлімнің бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу, есеп құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, банк құжаттарын, төлем тапсырмаларын жолдау және тиісті мекемелерге берілетін мәліметтерге бақылау. Смета шығыстары мен штаттық кесте дайындау, бағдарламалар бойынша бекітілген қаржының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Бөлінген қаржының мақсаты және толық игерілуін қамтамасыз ету. Бөлімнің  кадрлық  қызметін  жүргізу. Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты. Еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «Е-Өтініш» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркеп, уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және статистикалық есебін жүргізу.  Аппарат қызметкерлерінің (келісім шарт бойынша) жеке іс құжаттарын, еңбек кітапшаларын жүргізу және  сақтау. Тұрғын үйлер туралы мәліметтерді өзектендіру. Иесіз мүліктерді тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөліміне қатысты барлық мәселелерді жүргізу. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы өткізу. Ауылдық округі әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің (шешім) жобасын дайындау. Ауылдық округі әкімінің халық алдында есеп берудегі айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуын орындау. Номенклатураға сәйкес қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және оларды қайта даярлау бойынша есеп жүргізеді. Қызметкердің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат дайындайды, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын орындау. «Е-Лицензия» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жүргізу және әр ай сайын аудандық мемлекеттік органдар мен мекемелерден түскен өтініштердің статистикалық есебін жүргізу. «Е-gov» бойынша жұмысты жүргізу. Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округі әкімі және әкімінің орынбасары тапсырған нұсқауларын және берілген тапсырмаларын орындау. Ауыл әкімінің аудан әкімі мен және бөлім басшыларымен келіскен индикаторлардың уақтылы орындалуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  немесе білім саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-04, (2024 жылдың 05 шілдесінен 2026 жылдың 05 шілдесі аралығында негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзімінде), (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Мәдениет саласы және тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша заңға сәйкес жұмыстарды жүргізу. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру жұмысын орындау. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Мұрағат құжаттарының ведомстволық және жеке мұрағатқа қабылдануын, сақталуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын, ведомстволық сақтауда тұрған құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету. Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесі жұмысын жүргізу. Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілеріне ұсыну жұмыстарын жүргізу. Ономастика саласы бойынша жұмыстарын жүргізу. Әйелдер және ардагерлер кеңесінің жұмысын жүргізу. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына (әлеуметтік желілерде) материалдарды жариялау бойынша жұмысты жүргізу. Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Газет, журналдарға жазылым жүргізу бойынша жұмыстарды атқару. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау карточкаларын толтыру, олардың есебін жүргізу. Ауылдық округі әкімі және әкімінің орынбасары тапсырған нұсқауларын және берілген тапсырмаларын орындау. Ауыл әкімінің аудан әкімі мен және бөлім басшыларымен келіскен индикаторлардың уақтылы орындалуы. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  немесе білім саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-06, (2023 жылдың 17 шілдесінен 2024 жылдың 13 желтоқсан аралығында негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзімінде), (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізу, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасау. Ауылдық округі әкімінің  бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерін орындау. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы жүргізу. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты.  Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп, дұрыс жүргізілгендігі туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүргізу. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-02 , (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Мәдениет саласы және тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша заңға сәйкес жұмыстарды атқару. Еңбек заңнамасына, ережелерге, басшылықтың өкімдері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша белгіленген басқа құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босату туралы шешім жобаларын рәсімдейді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерінің заңдылығын бақылап, жүзеге асырады.Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің халық алдында есеп берудегі айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуына ықпал жасау, қорытындылау. Номенклатураға сәйкес қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және оларды қайта даярлау бойынша есеп жүргізеді. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Қызметкердің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат дайындайды, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды.  Іс қағаздардың, жалпы құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз етеді. Елтаңбалы бланктерді тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді. ҚР Бас прокуратурасының «ЕУОЛ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша әр ай сайын аудандық мемлекеттік органдар мен мекемелерден түскен өтініш-арыздардың статистикалық есебін әзірлейді. Ауылдық округтегі аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.Әлеуметтік саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.Қарасай ауылдық округінің төлқұжатын дайындайды. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне күнделікті есебін тапсырады, жұмыссыздық жүйесін жетілдіру бағдарламасының орындалуына жауапты. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Қордай ауданы әкімі мен Қарасай ауылдық округі арасындағы келісімдер бойынша жұмыстарын жүргізеді және орындалуы бойынша мамандармен тығыз байланыста болады. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  немесе білім саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-03 , (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің  бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу.Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына сәйкес шаруашылық және қаржы қызметін есепке алуды ұйымдастыруға жауапты. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың, кіретін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының есебін ұйымдастырады, олардың қозғалысына, өндіріс пен бөлу шығындарының есебіне, шығындар сметасын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуына байланысты бухгалтерлік операциялардың шоттарын уақытылы көрсетуге, қаржылық нәтижелер, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және несиелік операциялардың жүргізілуіне жауапты. Қаражаттың кірісі мен жұмсалуы, бюджеттің, өзге де бухгалтерлік және статистикалық есептің пайдаланылуы туралы бухгалтерлік баланс пен жедел жиынтық есептердің дайындалуын, белгіленген тәртіпте тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-07, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Әскери міндеттілерінің есебін жүргізу.Шаруашылық кітабымен салыстырудың кестесін жасау, үй үйді аралап, өз уақытысында есеп журналын жүргізу. Әскери қызмет жалпы әскери міндеттілік шақырудың 2 бөлімшесінің сұрақтарының орындалуын қамтамасыз ету. Шақырылым бойынша жоспарды орындап, мониторинг пен талдау жүргізу. Құқық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметімен бірлесіп өзара қарым-қатынас жұмыстарын жүргізу. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді.Азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жүргізу. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды, санитарлық тазалық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу. «Жасыл белдеу» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды және қысқы кезенде көшелерді қардан тазалауды жүргізу. Әскери қызмет жалпы әскери міндеттілік шақырудың 2 бөлімшесінің сұрақтарының орындалуын қамтамасыз ету. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  немесе білім саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің  бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына сәйкес шаруашылық және қаржы қызметін есепке алуды ұйымдастыруға жауапты. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың, кіретін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының есебін ұйымдастырады, олардың қозғалысына, өндіріс пен бөлу шығындарының есебіне, шығындар сметасын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуына байланысты бухгалтерлік операциялардың шоттарын уақытылы көрсетуге, қаржылық нәтижелер, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және несиелік операциялардың жүргізілуіне жауапты. Қаражаттың кірісі мен жұмсалуы, бюджеттің, өзге де бухгалтерлік және статистикалық есептің пайдаланылуы туралы бухгалтерлік баланс пен жедел жиынтық есептердің дайындалуын, белгіленген тәртіпте тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, шаруашылық кітаптарын жүргізу, шаруашылық кітаптарының алфавиттік кітаптарын жүргізеді. Тұрғын үйлер туралы мәліметтерді өзектендіру. Жер заңнамасына байланысты жұмыстарды үйлестіреді. Жер бөлуге, шекараларын белгілеуге. Ауылдық округ аумағындағы жер мәселелері бойынша материалдар, ақпараттар дайындау, жер учаскесін алуға азаматтардың тізімін жүргізу және орындалуын қадағалау. ҚР Бас прокуратурасының «ЕУОЛ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша әр ай сайын аудандық мемлекеттік органдар мен мекемелерден түскен өтініш-арыздардың статистикалық есебін әзірлейді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық  есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Басшының не орынбасарының берілген қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау. Ономастика саласы бойынша көше атауларының және реттік нөмерлерін шаруашылық кітап бойынша бақылайды және жұмыстар жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерінің заңдылығын бақылап, жүзеге асырады. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру.  Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесі жұмысын қамтамасыз ету. Номенклатураға сәйкес қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және оларды қайта даярлау бойынша есеп жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  немесе білім саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

*(Ескерту:Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100 бабына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті)

Leave A Reply

Your email address will not be published.