ОҚУШЫЛАР КӨРСЕТКЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

0

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірлерген болатын. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасының аясында Қарасу ауылындағы №7 А.Пушкин атындағы орта мектебінің 7 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Дамира Байсалованың жетекшілігімен «Қоғамға қызмет ету» волонтерлік қызметін сенбі күні «1 қазан — халықаралық Қарттар күніне» орай ұйымдастырды.

Нақтылап атап кетсек, ардагер ұстазВалентина Бакаеваның үйіне барып, көңіл – күйін сұрап, еңбек жолы туралы сұхбат құрған. Өз сөзінде Валентина Алексеевна «алдынан қаншама шәкірт өтсе де, барлығы ерекше, тіпті қылықтары әлі есінде» екендігі туралы айтып өтті. Сұхбаттан кейін оқушылар қарт ұстаздың ауласын тазартып, отын, суын кіргізді. «Қамқор» жобаның мақсаты – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу болып табылады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Бұл әрбір азаматқа өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді. Аталған идеялар мен құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналуы қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.