«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы                              30 қыркүйектегі №72 бұйрығына сәйкес «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қағидасының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне  байланысты «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша құжаттар Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданады.

Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

— осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

— жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

— бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

— жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізіледі. Сонымен қатар, өтініш иесіне көтерме жәрдем алуға оң шешім берілген жағдайда, жұмыс орнын растайтын анықтама,   20 таңбалы карт шотын және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер талап етіледі.

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

— осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

— жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

— бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

— жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

— сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

— кредиттік бюродан есеп.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарламасы немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту) мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізіледі.      Сонымен қатар, өтініш иесіне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие рәсімдеуге оң шешім берілген жағдайда, жоғарыда аталған қағиданың 20-тармағына сәйкес сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін 4 жұмыс күн ішінде және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтамаларды ұсынуы қажет.

Аталған бұйрықтың 6-тармағына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге (алдағы жылға) денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастырады, оны аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады.

Тізбеде алдағы кезеңде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың және олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі.

Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға жол берілмейді.        Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ болған жағдайда көрсетілетін қызмет алушыларға ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан кезектілікті қалыптастыру жолымен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімін тоқтата тұрады.

Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қайта қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және ол бір жылдан аспайды.

Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімдерін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.