Қордайдың түнгі келбеті

0

Түрлі-түсті шамдармен ұлттық нақышта безендірілген Қордайдың келбеті тұрғындар мен қонақтарды ерекше тартып тұрады. «Қараңғы түнде тау қалғығанымен», Қордай мүлгімейді. Күндіз-түні қайнаған тіршілік. Жұлдыз жымыңдап, ай сәулесі төгілер шақта Қордайдың шамшырақтарына жан бітеді.

Автоматтандырылған жүйе күн төбеден түскенде лампаларды бір мезетте жарқ еткізеді. Ал, сол ауылдың ажарлануы тұрғындардың, сонымен қатар басшылықтың қолында. Биыл Қордай ауданында тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлінгеніне, сонымен қатар инфрақұрылым да жаңартылғанына көпшілік куә. Соның бір дәлелі ретінде Қордайдағы орталық алаңда жөндеу жұмыстары өтті.

Орталық алаңдағы Даңқ аллеясын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Олар жарамсыз болып қалған ескерткіштерді қаптау элементтерін ауыстырды, жаңа төсеніш, брусчатка төседі, жаңа жарықтандыру, орындықтар орнатты, суару жүйесі мен жаңа көгал отырғызды. Сондай-ақ, көзге алыстан менмұндалап көрінетін 6х3 метрлік үлкен Ту орнатты.

Сонымен қатар, Қордай ауылына кіреберістегі «Менің сүйікті Қордайым» жазуы, Әлімбаев көшесіндегі аллея қазір тұрғындардың сүйікті орнына айналып үлгерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.