Қызылсай ауылындағы Ораз Жандосов атындағы N10 орта мектепке күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жоба өңірдің білім беру инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл атқаратыны анық. Осы арқылы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы және заманауи жағдайлар жасауға бағытталған іс беркелі болатынына күмән жоқ.
Бас мердігер «Инвест Капитал Строй» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 10 мамырында бастағна. Күрделі жөндеу аясында мектеп ғимаратынның қасбеті, шатыры, инженерлік жүйелері, терезелері мен есіктері жаңартылды. Қазіргі уақытта оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, бұл оқушыларға қолайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мектеп маңы абаттандырылып, ұстаздар мен оқушыларға жағымды және қауіпсіз орта қалыптастыруда.
Ораз Жандосов атындағы №10 орта мектептің күрделі жөндеуден өтуі Қызылсай ауылындағы сапалы білім жолындағы маңызды қадам деуге толық негіз бар. Өйткені ауыл мектебі енді білім ошағы ғана емес, бүкіл ауылдың мәдени-қоғамдық өмірінің орталығы.
Естеріңізге сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 2023-2025 жылдарға 9500 орындық 12 мектептің құрылысы жоспарланса, оның 3-і Қордай ауданында. Биыл Қаракемер және Қарасу ауылдарында 300 орындық білім ошақтарының құрылысы басталған болатын. Қазір құрылыс қарқыны жақсы
Сонымен қатар, биыл Бәйтерек ауылында 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты шара осы оқиғаны көптен күткен жергілікті тұрғындар үшін нағыз мерекеге айналғаны туралы газемітізде жазған да болатынбыз.