Қордайдағы «Цемзауыт» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Психологиялық- педагогикалық түзету орталығымен» бірлесе отырып “Инклюзия” апталығы аясында “Мейірім жан жылуы!” тақырыбында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндермен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар, бүлдіршіндер мен ата — аналар арасында түрлі ойындар ойнатылды “Бес тас”, “Теңге алу”, “Арқан тарту” бойынша жарысқа баршасы белсене атсалысты. Қордай округінің әкімі А.Қаспақбаевтың демеушілігімен қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Кездесу соңында Психологиялық педагогикалық түзету орталығының директоры А.Валиева. сөз сөйлеп, өз ізгі тілегін білдіріп мәдениет үйінің қызметкерлеріне алғысын жеткізді. «Мұндағы мақсатымыз балалардың көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу», — дейді ұйымдастырушылар.