ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН МҮМКІНДІК

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады», – деп атап өткен еді.

Осы орайда, дүйсенбі күні елімізде айрықша мереке саналатын Республика күні қарсаңында, Қордай ауылындағы «Красный партизан» ықшам ауданында су жаңа шағын футбол алаңшасы халық игілігіне қолданысқа берілді. Шараның ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, ауыл әкімі Әділет Қаспақбаев, ауылдық ардагерлер кеңесінң мүшелері және әуесқой спортшылар қатысты. Алдымен аяқдоп алаңының ашылуына арналған лента қию рәсімі орындалды. Оны атқару үшін ортаға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, ауыл ақсақалдары шақырылды.

«Бүгін осындай жақсы алаң ашылып жатыр. Сонымен сіздерді құттықтаймын. Ауылымыздан әлі талай жақсы спортшылар шығады деп сенемін. Баршаңызды осы қуанышпен құттықтаймын. Осының барлығы аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, аудан және ауыл әкімінің қолдауымен жүзеге асырылуда», — деп түйіндеді Бейқұт Тлебалдыұлы.

Келесі кезекте, ақ жаулықты аналар шашу шашып, қонақтар жаңа ашылған алаңға беттеді.

Осыдан кейін, ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, алаңда ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.