Тұншықтырғыш газ!
Тұншықтырғыш газда немесе көміртек тотығында дәм, түс белгілері толығымен болмайтын ерекше химиялық зат. Тұншықтырғыш газдың иісі де жоқ, сондықтан оның бөлмеде таралуын анықтау қиын, ал осы затпен улану қаупі қарқынды артуда. Улану көбінесе көмірмен жағылатын пештер мен газ қазандарын дұрыс емес пайдаланатын адам күнәсінән болады. Табиғи газ да иіссіз және түссіз, бірақ газ жылыту құралдарын пайдалану кезінде барынша қауіпсіздікті сақтау мақсатында газ шығаратын станциялар табиғи газға жағымсыз және өткір иісті басқа да компоненттерді қосады. Адам ағзасына түскен табиғи не тұншықтырғыш газ оттектің орнын басып, тұншығу белгілері дамуына әкеп соқтырады.
Тұрмыстық газдармен
улану белгілері
Ең бірінші белгі – сырқырап бастың ауруы, бас айналуы;
Құсу белгілері, шатасқан сана, қозғалыс координациясы бұзылуы;
Кеуде бөлігі ауруы, жоғары агрессияшылдық және ашуланшақтық;
Науқастың терісі көгілдір немесе қып-қызыл болуы, сана-сезімнің болмауы тән.
Тұншықтырғыш газбен көбінесе ата-анасының қарауынсыз ұйықтап жатқан балалар уланады. Тұрмыстық немесе тұншықтырғыш газбен уланудың себебі алкогольді шектен тыс ішу, есірткілік мастық болуы мүмкін. Тұншықтырғыш газбен улану өрт кезінде, яғни жанып жатқан бөлмеден тез шығу мүмкіндігі болмағанда жиі болады.
Негізгі себептері
Тұншықтырғыш газбен улану көбінесе жылыту құралдарын пайдалану ережелерін бұзу себебінен болады. Тұрмыстық газбен улану адам суицид жасағысы келгенде қасақана жасалынуы да мүмкін немесе улану қылмыстық мақсаттарды қоздырады.
Тұншықтырғыш газ көзі әртүрлі тұрмыстық құралдар мен техникалық аспаптар болуы мүмкін:
Каминдер, пештер, гриль қондырғылары, ағашпен жағылатын пештер, ас үй плиталары
су жылытқыш қондырғылар, жүк және жеңіл автокөліктер, портативті генераторлар.
Тәуекел тобы
Табиғи және тұншықтырғаш газдармен улану барша адамдарға өте қауіп-қатер төндіреді. Алайда тұншықтырғыш газдың компоненттеріне ағзалары ерекше сезгіш және әсерленгіш жеке адамдар санаты болады. Осы санатқа:
Балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер, жүрек, қан және демалу органдарының созылмалы ауруларымен зардап шегетін адамдар, темекі шегетін адамдар жатады.
Ең ықтимал асқынулар
Тұрмыстық немесе тұншықтырғыш газбен уланудың алғышқы белгілерін пайда болғанда бөлмеден шығу, демалу органдарын оттегімен қамтамасыз ету, алғашқы көмекті дереу шақыру қажет.
Егер бөлмеде тұрмыстық газдың өткір иісі болса, желдету үшін барлық кіріс есіктерді, барлық терезелерді дереу ашу керек. Барлық қосылған газ құралдарынынң жағдайын міндетті түрде тексеру қажет. Тұрмыстық газ жиналған бөлмеде жағылған сіріңкелермен, шырпылармен және ашық отты басқа заттармен қолдануға болмайды. Сондай-ақ, жарық (шам) жағуға болмайды – осының барлығы тұрмыстық газ шығып кеткен кезде жарылысқа әкеп соғуы мүмкін.
Газбен жұмыс істейтін тұрмыстық техника мақсатына сай пайдалануы тиіс. Газ плиталарды жылыту құралдары ретінде пайдалуға, толық жабық бөлмеде дизельді отында не бензинде жұмыс істейтін, қосылған электр тоғының генераторымен жұмыс істеуге болмайды. Барлық газды тұрмыстық техника және каминдердің жақсы желденетін жүйесі болуы керек. Газ құралдары міндетті түрде ақаусыз болуы тиіс, газ пештері мен плиталары, газ колонколары және қазандықтар дұрыстығын әрдайым тексерген жөн.
Егер үйде жанғыш материалдарда жұмыс істейтін құралдар болса, олардың қараусыз қалдырылған балалардың жанында қалдыруға болмайды. Бұл өте жағымсыз және трагедиялық салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Тұншықтырғыш газ автокөліктің пайдаланылған газынан шығуы мүмкін. Сондықтан, егер автокөлік іске қосылса, онда гараж есігін ашу, ал егер автокөлік қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған бөлменің есігін жабу керек
А.Амангелді,
Қордай ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты