АУДАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ АЙТЫЛДЫ

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында  Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері тақырыбында Қордай ауданы әкімінің бірінші орынбасары

Бақыт Сахатов журналистер алдында баяндама жасады

Брифингіде Бақыт Оңласынұлы Қазіргі таңда аудандағы өнеркәсіп 15,9 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 101 пайызға орындалғанын айтып,  40,4 млрд теңге инвестиция тартылғанын жеткізді. Ал, 45 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, ауыл шаруашылығы 54,7 млрд теңгені құрап, индекс көлемі 103,3 пайызға орындалғаны айтылды. 

«Қордай ауданында қуаттылығы тәулігіне 3500 тонна клинкер болатын «KORCEM» ЖШС-нің цемент өндіретін зауыт іске қосылды. Әзірге толық ашылған жоқ. Соның өзінде 438 адам жұмыс істейді. Зауыт толығымен ашылса 600 адам жұмыспен қамтылады, деді баяндамашы. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық елді мекендерін 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы бойынша Қордай ауданы әкімдігі тарапынан 5,5 млрд теңгеге 6 ауыз су желілерінің құрылыстары аяқталғаны айтылып, тағы 6 елді мекенде су құбырының құрылыстары жүріп жатқаны жеткізілді. 

Сонымен қатар 12 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін 179,6 млн теңгеге жобалаушы мекемелермен келісім-шарт жасалған. 

«Қордай ауданында 41 елді мекеннің 36-і газбен қамтылған, яғни 87 пайыз. Қазіргі таңда Керу ауылында газ құбырының құрылысы аяқталуда. Ал Бел, Мұзбел, Аңырақай, Бәйтерек ауылдарында ауылішілік газ құбыры құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, энергетика басқармасына бюджеттік өтінім беріл-ген.

Жоспар бойынша 2025 жылға дейін ауданның барлық елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады», — деді Бақыт Оңласынұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.