Мен, Ниязбек Құрманбек, 1992 жылдың 9 маусымында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.
Қазіргі уақытта Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы қызметін атқарамын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен Қордай жерінде туып-өскендіктен туған өлкемнің тарихын да, халқымның басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерді де жақсы білемін.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсіп отырмын. Бұл шешім үлкен жауапкершілік екендігін түсінемін. Өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, Масаншы ауылдық округінің экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс тіршілігін көтөруге өз септігімді тигізетін боламын. Осы орайда өз сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын.
Құрметті сайлаушылар!
Менің басты мақсатым – әділетті қоғамның қалыптасып, ауыл тұрғындарының табысының барынша артуы болып табылады. Ол мақсатқа жету үшін төмендегі негізгі бағыттарға тоқталғым келеді.
- Мәдениет үйіне күрделі жұмыстар жүргізуге ықпал етуге;
- Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген несие, гранттарға қол жеткізуіне ақпараттық қолдау жасауға;
- Өз округімдегі жолдардың сапасын қатаң бақылауға алу;
- Масаншы ауылдық округінің тұрғындарының сапалы өмір сүруіне барынша қолдау көрсетуге;
- Ауылға келген жас мамандардың аудан әкімшілігі арқылы әлеуметтік және материалдық жағдайларын дер кезінде шешілуіне ықпал ететін боламын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен Масаншы ауылдық округі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын. Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.