Ана – қасиетті де, киелі есім!

0

Ана-бұл өмірдегі ең ардақты да, аяулы жан.  «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ шығар. Осы үш қана әріптен тұратын «Ана» сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр. Ана үш әріптен тұратын құдірет иесі. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше.

Бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен әлемді тербейтін аяулы жан. Әрбір адам баласы дүниеге келгенде ана сүтінен нәр алып, жылы құшағына бөленеді. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың» — деп бекер айтпаған.  Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін де ата-ананың орны бөлек.   Ана бар мейірімді бойына жинаған аяулы адам. Ананың балалары үшін қаншалықты қадірлі, қаншалықты қымбат екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сүрінгенде демеу болар тіреуішің, сені әрқашан ынталандырып, жігерлендіріп отыратын да- ана.

Ананың разылығы — Алланың разылығы деген. Аналарымызды барынша қадірлеп, алақанымызға салып, аялап өтейік.

Милана Пулат, 11 сынып оқушысы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі.

Замира Исаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.