«Мақал – сөздің мәйегі»

0

Мақал-мәтелдер –  ата-бабамыздың тәрбиеге қатысты асыл қоры,  тіл байлығымыздың сүбелі саласы, көркем сөз шеберлігін шыңдауға, тіл байлығымыздың өрісін кеңейте түсуге қажетті айшықты сөз өрнегі.  Жақында  Қордай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» тәжірибеге енгізу мақсатында аудандық «Мақал —  сөздің мәйегі» атты байқау өтті.

Байқаудың  жоғары дәрежеде өтуіне атсалысып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, Қордай ауданының биі Сайбиров Сейсенбек, зейнеткер Көрпелдесов Аймахан, «Алмаз» ШҚ басшысы Ещиганов Жұмабек, қоғамдастық белсендісі Қауынбаев Қайрат, спорт кешенінің басшысы Адамбаев Мәлік, «Сұлтан» ШҚ басшысы Куттуков Біржан, Бетқайнар ауыл мешіті орталығының өкілі Джиенбаев Нұрлан  қаржылай қолдау көрсетті.

Байқауға қатысқан топтардың ішінде оза шауып бас жүлдені алған №3 Абай  Құнанбаев атындағы орта мектебінің «Абай ұрпақтары» тобы бағалы сыйлық ұтып алды.  Балжан Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің «Ұлы дала ұрпақтары» тобы бірінші орын иеленіп  50000 теңге,  №34 М.Смағұлов атындағы орта мектебінің «Алға» командасы екінші орын алып 30000 теңге, Е.Қашағанов атындағы №42 орта мектебінің «Жас ұлан» тобы үшінші орын алғаны үшін 20000 теңгелік қаржылай  сыйлық иеленді.  Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, жастардың ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, шешен сөйлеу мәнерін дағдыландыруды мақсат еткен сөз сайысы жоғары деңгейде өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.