Биыл Жамбыл облысында құны шамамен 728 млрд теңге болатын өнеркәсіп өнімі шығарылды

0

Биыл Жамбыл облысында құны шамамен 728 млрд теңге болатын өнеркәсіп өнімі шығарылды
Жамбыл облысында жыл басынан қысқамерзімді экономикалық өсім 105% деңгейінде қалыптасып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 0,8%-ға, құрылыс жұмыстары 22,6%-ға, тұрғын үй 3,5%-ға, сауда 2,5%-ға, көлік13,6%-ға, байланыс — 8,8%-ға артты. Облыс экономикасындағы негізгі үлес өнеркәсіп өндірісіне тиесілі — 19%, ондағы өңдеу өнеркәсібі секторының үлесі – 65,4%. Жыл басынан бері 727,8 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Облыста Қазақстанның жалпы химия саласы өнімінің шамамен 24%-ы өндіріледі. Химия кәсіпорындары республика бойынша 100% фосфор, 81% минералды тыңайтқыштар шығарады.

«Облыста 13 млрд тонна қоры бар 48 фосфорит кен орны шоғырланған. Жыл басынан салада 212 млрд теңгеге өнім өндіріліп, облыс бойынша экспорт көлемінің 77%-дан астамын қамтамасыз етті. 2030 жылға қарай тыңайтқыштардың премиум маркалары мен құндылығы жоғары өнімдерді жылына 1 млн тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұл жобалар аясында өңірге 1 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция тартылады»,-деді өңір басшысы.

Келесі перспективалық даму бағыты – құрылыс индустриясы. Саладағы өнім көлемі 48 млрд теңгеге жетті. Облыстағы кәсіпорындар республика бойынша 87% гипс және 16% портландцемент өндіреді. Облыста 50 млн тоннадан асатын «Үлкен-Бұрылтау» гипсінің ірі кен орны бар. «KORCEM» клинкер өндіру зауытын іске қосып, алдағы жылы жалпы облыста өндірілетін цемент көлемін 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін цемент өндірісін қолға алмақ. Құрылыс материалдарына сұраныстың өсуіне байланысты келесі жылы «Alit Holding» құрғақ құрылыс қоспалары өндірісін іске қосса, ал «Кнауф Гипс Тараз» гипсокартон шығаратын зауыт құрылысын бастайтын болады. Жобаларды іске асыру өнім ассортиментінің 12 түріне дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.