ӘР НАУҚАНҒА ДАЯРЛЫҚ ПЫСЫҚТАЛАДЫ

0

Сейсенбі күні Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы

Ерлан Байболатов жұмыс сапарымен келіп, бірқатар жиын өткізілді

Алдымен басқарма басшысы Ерлан Бейсенұлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратын аралап, мұнда қызмет ететін жеке құраммен танысты. Сапар барысы әрмен қарай аудан әкімдігінде жалғасты. Ерлан Бейсенұлы төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы басқармасының жауапты маманы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы,  аудандық полиция және медицина саласының жауапты қызметкерлері қатысты.  Елімізде жыл сайын әскери міндеттілерді әскери дайындық жиындарына шақыру жүріп жатқаны белгілі. Мерзімді әскерге шақырту науқанының даярлығы пысықталған шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы 2024 жылдың әскер қатарына шақыру жасақ жоспарының орындалуы туралы баяндады. Сондай-ақ, жоспар толығымен орындалғандығы туралы мәліметтерді келтірді. Келесі кезекте, осы салаға қатысты аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев және өзге де комиссия мүшелерінің баяндамалары тыңдалды. Шара соңында, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды тізімдеген басқарма басшысы Ерлан Байбалотав комиссия өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.