Балалардың отпен ойнауы және оның салдарынан өрт оқиғасының туындауы өкінішке орай сирек оқиға емес. Балалардың отпен ойнауға деген құштарлығын және одан келер қауіпті барлығымыз білеміз. Біле тұра, балаларды үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырамыз, олардың жалғыз қалғанда шақпақ қорабымен ойнамайды, қағазды жақпайды немесе тұрмыстық техникалардың жұмысына қызықпайды десек өте қатты қателесеміз.
Күнделікті өмірде, әртүрлі жағдайларға байланысты кейде балаларды белгілі бір уақытқа дейін жалғыз қалдыруға тура келеді. Әсіресе пәтердің есігін жауып кетер болсақ, ол өте қауіпті. Өрт болған жағдайда олар қауіпті жерден сыртқа шыға алмайды. Сондықтан, үйден кетер алдында балаларды үйдің үлкеніне немесе ересек адамның қарауына қалдырған дұрыс. Баланың назарын қандай да бір қызық тапсырмаларға аударған жөн. Оларды отпен абай болуды кішкене кезінен үйрету қажет. От – ойыншық емес екенін, одан келер қауіпті, адамдарға қасірет алып келерін түсінулері керек. Балалардың қалай уақыт өткізерін, олар қандай ойыншықтармен ойнайтыны, неге қызығушылық танытары деген сұрақтар әрқашан ата-аналардың назарында болу қажет.
Балалардың отпен ойнауынан шыққан өрттің алдын алу үшін не істеу қажет:
— үйден кетер алдында, үлкендердің қарауынсыз кішкене балаларды жалғыз қалдырмау;
— шақпақты балалардың қол жетімді жерлерге қоймау;
— пешті, газ плитаны, электр жабдықтарын қосуға жол бермеу;
— балалардың от жақпауын жиі қадағалау;
— балаларға қызықты уақытты ұйымдастыру;
— жиі-жиі оларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып жүру;
— өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың барлық жағынан үлгі болу.
Құрметті ата-аналар, егер біз балаларды отпен абайсыздыққа және құтқарудың дұрыс жолдарын үйретпесек, олардың алған жарақаттары мен өліміне кінәлі боламыз. Сіздің балаңыз отпен абайсыз болмаса одан келер қауіптен өзі ғана емес, өзгеге де зиянын тигізерін әрқашан біліп жүруі аса қажет.
Мәди Жәнелі, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы