Шаршы алаңда тек ерлер емес, әйелдер де өздерінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Қордай ауданы да осындай білекті әрі жүректі бұрымдыларға кенде емес.
Жуырда бокстан әйелдер мен жастар арасында Сербияның Собор қаласында өткен «Nations Cup» 14-ші халықаралық турнирінде қордайлық спортшылар жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 46 келі салмақ дәрежесінде Мұхтар Аружан және 54 келі салмақта Валерия Вайдеман күміс жүлдеге ие болды.
Қыздардың жаттықтырушысы – тәжірибелі бапкер Төребек Амиров.
Шетелде аудан намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен қайсар спортшы қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!