«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА»

0

САРЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА «БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» АТТЫ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН АЛАҢЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Қазақстан Республикасы алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдерінің тату – тәтті өмір сүруі де осының айғағы болса керек. Қордай аудандық мәдениет үйіне қарасты Сарыбұлақ ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Этносаралық келісімді нығайтуға арналған «Бір шаңырақ астына атты интеллектуалды ойын өтті.

Шараға Сарыбұлақ ауылын мекен еткен өзге ұлт өкілдері қатысты. Болашақ жас ұрпақтың елге деген мақтанышы арқылы қазақстандық патриотизмге, бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, қоғамда достық қарым-қатынас пен келісімді сақтауға баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға ауыл тұрғындары татар, әзірбайжан, орыс, дүнген, қырғыз ұлтының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға қазақтың ұлттық ойындары, тағамдары, киім үлгілері сонымен қатар ұлттық ойындары насихатталды.

Келген этнос өкілдері екі топқа бөлініп 1- ші бөлімде ұлттық құндылықтар туралы ойын ойнап келесі бөлімде қазақ халқының әнін, биін билесе үшінші кезеңде ұлттық ойын «бес тас» ойыны ойнатылды. Сонымен қатар мәдениет үйіндегі қазақи бұрыштағы тұрмыстық бұйымдармен танысты.

ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ

Қордай аудандық мәдениет үйіне қарасты Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде  «Әже-көңілдің ажары, немере –өмірдің базары» атты байқауға әжелер немерелерімен қатысты. Сарыбұлақ ауылынан Күлдібаева Айкен әже Айару немересімен, Жамбыл ауылынан Ризаева Пердегүл әже немересі Әділетпен, Әлжан ана ауылынан Жаналинова Сағымжан әже немересі Салтанатпен келді. Ақындық өз шығармашылығымен халықтың назарына бөленген Сағымжан апамыз «Өнерлі әже» номинациясына ие болса, байқауға алғаш жолы қатысқан Ризаева Пердегүл «Ақылды әже» номинациясына ие болып, аудандық байқауға жолдама алды және Сарыбұлақ ауылынан келген қатысушы Күлдібаева Айкен әже «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.

Аталмыш байқауға демеушілік болған, ауыл әкімі Айдын Асылбек қатысушыларды марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

«ПАЙ,ПАЙ ӨМІР!»

Қордай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толуына орай «Пай, пай өмір!» атты музыкалық әдеби сазды кеш өтті. Бұл жолғы концерт бұрынғыдан өзгеше, себебі аталмыш шара ерекше форматта өтті. Жалпы еске алу кешінде, Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған әуезді әндер шырқалып, ән менен астасып поэзия оқылып жатты және синтезатормен музыкалық сүйемелдеу жасап, өнерпаздар толық жанды дауыста өз өнерлерін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.