ҚОРДАЙДА ЕКПЕ САЛУ ЖАНДАНДЫ

0

Бүгінгі таңда Қазақстанда 576 459 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлама тартты.

Оның ішінде Жамбыл облысында «Спутник V» вакцинасының ІІ дозасын 6 мыңға жуық адам қабылдап үлгерді. Айта кету керек, облыс бойынша «Гам-Ковид-Вак» яғни, «Спутник V» вакцинасының І компоненті 14 005 адамға егілген болатын. Оның ішінде 604 медицина маманы, 3256 педагог, 426 күш құрылым қызметі, 58 студент, 81 мемлекеттік қызметкер бар десек, 4142-сі тағы басқалары. Ал, 21 күннен кейін 14005 адамның 5651-і вакцинаның екінші дозасын салдырып үлгерген.

«Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің 77 бабына сәйкес, барлық медициналық процедуралар, соның ішінде вакцинация ақпараттандырылған азаматтың келісімімен жасалынады. Вакцинациядан бас тартқан азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Вакцинация елімізде тек ерікті түрде жүргізіледі», — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы. Бүгінде Жамбыл өңірі жасыл аймақтан сарыға ауысқан. COVID-19 алты мыңнан астам адамнан анықталып отыр. Пневмонияның 2075 жағдайы тіркелген. Ал аймақта екпе жүргізу бойынша ақ халаттылар арнайы дайындықтан өткен. Мамандар саны 1022-ді құрайды. 36 екпе кабинеті, 1 жылжымалы екпе егу пункті мен 16 көшпелі екпе жүргізетін бригада бар. Ал, Қордай ауданына келер болсақ қазір індетке іліккен 40 тан астам адам тіркелген. Вирустың таралуының алдын алу бойынша жұмыстар қарқын алып, вакцинациялау жүйелі жүргізілуде. Мәселен, аз ғана уақыттың ішінде аудандық орталық ауруханадағы арнайы пунктіде 2200 адам екпе салдырса, 500 адам вакцинаның ІІ компонентін қабылдап үлгерген. Яғни, 21 күннен кейін салынатын екінші екпесін алған. Бұл жұмыстар жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.