ТІЛ — ЕҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ

0

Тіл қоғaмдағы құбылыс, қоғaмдағы адамдардың қарым-қатынас құралы. Сондықтaн тіл ең aлдымен қоғaмдық ғылымдaрмен тығыз байланысты, ұлт мәдениетімен байланысты.

Адaм көп тіл білгеннен зиян көрмейді. Керісінше оның талaбы, дa талғамы да артады. Бірақ ең басты тұғырда өз ана тілі тұру керек. Адамның ой-өрісі өз тілінде дамып жетілгенде ғана құндылығы артады. Тіл – әр адамның болмысы. Егер тіл жойылса адам болмысы да жойылады.

Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады», — деген.

Тіл – әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы. Ол – ең ұлы, тамаша тіл.

Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бәрін заманнан заманға, адамнан адамға жеткізуші – бүгінгі ұрпақ.

Бүгінгі таңда отбасындағы ұрпақ тәрбиесі – қоғамның бір саласына қатысты мәселе. Өйткені бүгінгі шағын отбасы — ертеңгі үлкен мемлекет. Мемлекеттің тізгіні сенімді адамның қолында болу үшін ұрпаққа саналы білім қажет.

Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп бекерге айтпаса керек. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдына сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін білуі керек. Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Тіл – ең асыл құндылық!

Щехуар МУСАРОВА, Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.