«Қордайдың жігіттері» Жайдарманда

0

«Қордайдың жігіттері» командасы Жайдарман маусымашарында өнер көрсетіп, Республикалық аймақтық 2025 лигасына жолдама алды.

«Қордай» Гуманитарлы-экономикалық колледжінің «Қордайдың жігіттері» командасы «Маусымашар-2025» республикалық фестиваліне жолдама алды. Бұл команда республикалық іріктеу кезеңінде жоғары өнер көрсетіп, қазылар алқасының назарын аударды. Аталмыш фестивальде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 400 команда өнер керсетіп, шығармашылық пен өнердің мерекесін тойлады. «Қордайдың жігіттері» командасының жетекшісі Нұрбол Тлепбаев екендігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, командада «Amanat» партиясы «жастар рухы» жастар қанатының мүшелері де өз өнерлерін көрсетті. «Қордай жігіттері» өздерінің ерекше әзілдері мен сахналық шеберліктерін көрсетіп, көрермендердің көңілінен шықты.

Енді жігіттер Талдықорған жерінде өнер көрсетіп, ауданымыз бен колледждің абыройын асқақтатуға ниетті. Олардың шығармашылық жолында сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.