МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС ӨТТІ

0

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және оған қарасты мекемелердің кеңейтілген отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, бөлім басшысы Салтанат Балпукова қатысты.  Жиынға аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейінің директоры, қызметкерлері, ауылдық мәдениет үйлерінің меңгерушілері, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, қызметкерлері, ауылдық кітапханашылар, Тілдерді оқыту орталығының директоры, қызметкерлері, мұғалімдері қатысты.

Кеңейтілген отырыста Қордай аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейінің және оған қарасты мәдени нысандардың 2024 жылы және 2025 жылдың 2 айында атқарылған жұмыстары туралы аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Балмуханбетовтің, Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің және қарасты ауылдық кітапханалардың 2024 жылы және 2025 жылдың 2 айында атқарылған жұмыстары туралы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры М.Жунускулованың, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік тілді оқытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының 2024 жылы және 2025 жылдың 2 айында атқарылған жұмыстары туралы Тілдерді оқыту орталығы директоры Б.Ыбышеваның есептері тыңдалды.

Отырыста саланың проблемалық міселелері талқыланып, алдағы мерекелік шараларға дайындық талқыланды. Отырыс соңында Тілдерді оқыту орталығы мұғалімдерімен мемлекеттік тілді оқыту жұмысын жетілдіру, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мәселелері пысықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.