«ҚАЗАҚСТАН: БІР ЕЛ, БІР ОТБАСЫ»

0

Сортөбе ауылдық округінің мәдениет үйінде ауыл мектептерінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан: бір ел, бір отбасы» атты фестиваль өтті.

Фестиваль қазақ, орыс, өзбек, әзербайжан, грузин және дүнген ұлттарының ұлттық көрмесінен басталды. Әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрлері мен өнері таныстырылып, қонақтарға ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары көрсетілді.

Іс-шара барысында Қордай ауданы білім бөлімінің басшысы С.Әшірбеков және Сортөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Марқаев құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды бірлік пен ынтымақтастыққа шақырды. Олар еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың маңыздылығын атап өтіп, көпұлтты Қазақстанның дамуындағы әр этностың үлесін ерекше бағалады.

Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасты. Қатысушылар ән айтып, өлең-жырларын орындап, туған жер мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Әсерлі әндер мен ұлттық билер көпшілік көңілінен шығып, шара достық пен ризашылық сезімдеріне толы жылы лебіздермен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.