АБАТТАНДЫРУ ЕКІ АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

0

Абаттандыру және санитарлық екі айлық барысында өткен сенбіде аудан бойынша ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпорындар ұжымдары,  мәслихат депутаттары, студенттер мен кәсіпкерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Әсіресе, серпінді жұмыстар Қордай мен Алға ауылдары арасындағы тас жолының бойында ұйымдастырылды. Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікте тас жолдың жиегін қоқыстан тазарып, ағаш түптері әктеліп, ағаштар бұталанды. Осы күнге дейін де бірнеше жалпы тазалық жұмыстары ұйымдастырылғаны белгілі.Соның арқасында ауданның ажары ашылып, келбеті көркейе түскен. Ал, Қордай ауылындағы Жібек жолы көшесімен жүрсеңіз тың өзгеріске куәгер боласыз. Ауылға  кіре беріс тұстан жайқалған шыршалар орталықтың шырайын келтіріп тұр.  Ал, кеден маңы жуырда жаңа саябаққа айналары мүмкін. Онда да жүздеген шырша ағаштары мен түрлі көшеттер отырғызылған. Мұның бәрі арнайы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратын жалпы сенбіліктің жемісі. Айта кетейік, жалпы сенбілікке оннан аса арнайы техника жұмылдырылды,165 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.