Сейсенбі күні аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында эстафеталық спорттық іс-шара өткізілді.
«2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялаймын. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеймін. Заң мен Тәртіп-ті нығайту мақсатында біз қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, заңды құрметтейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғауды қамтама-сыз етеміз», – деген болатын ІІМ Ержан Саденов кеңейтілген алқа отырысында. Жас ұрпақты салауатты өмір салтына ынталандыруға бағытталған шара шымылдығы Мемлекеттік Әнұранымыздың орындалуымен ашылды. Осыдан кейін, сөз кезегі полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асхат Алметовке ұсынылды.
«Құрметті жарысқа қатысушылар! ҚР ІІМ Ержан Саденов «2025 жыл – профилактика жылы» деп жариялауына орай, өздеріңізбен осындай шара өткізудеміз. Кез келген адам денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті, күш-қайраты мол болуы үшін спортпен айналысса, өз мақсатына жете алады. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін!», — деді Асхат Аманқұлұлы. Спорттық шараға Қордай АПБ ЮПТ инспекторы Ермахан Қазақбай, Қордай АПБ кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Асель Оспанбекова және Д.А Қонаев атындағы мектеп гимназиясының дене-шынықтыру пәні мұғалімі Сабит Баисов әділ-қазылық жасады.
«Эстафета», «жүгіріп секіру», «таяқпен допты алып жүру», «дартс», «арқан тарту» деп аталатын бес кезеңнен құралған жарыс нәтижесінде жүлделі бірінші орынды №2 Михаил Ломоносов орта мектебі иеленсе, жүлделі екінші орынға Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі лайық деп танылды. Ал №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназиясы мен №47 Мұхамед Хайдар Дулати атындағы тірек орта мектебі үшінші орынды өзара бөлісті. Өзге де қатысушылар алғыс хаттар және арнайы номинациялармен марапатталды.