2025 жылғы 2 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сортөбе ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 11246 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 7075 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны — 2.
Сортөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Карасартов Габит Джумашевич үшін сайлаушылардың 387 дауысы берілді, Фушанло Рустам Юнусович үшін сайлаушылардың 6633 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 40.
Сайлау қорытындыларымен: Сортөбе ауылдық округінің әкімі болып Фушанло Рустам Юнусович сайланды. 1986 жылы туған, Сортөбе ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылының тұрғыны.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы