ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚАУЛЫ

0

2025 жылғы «5» наурыз                                     №3

Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 13 сәуірге Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Осы қаулы аудандық «Қордай шамшырағы» газетіне жариялансын және Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.

Төраға                                                     А.Сырлыбаев

Хатшы                                                     Г.Ниязгулова

Leave A Reply

Your email address will not be published.