«АНАНЫҢ ӘНІ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

0

Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Ананың әні» облыстық байқауы өтті.

Бұл байқау ананың мейірімі мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға, қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған.

Аталмыш сайысқа Қордай ауданынан қатысқан Рузана Үсенова ерекше дауысы мен әсерлі орындау шеберлігі арқылы көрермендердің жүрегінен орын алып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Өнерпаз нәзік те сырлы әнімен ананың ыстық ықыласын, мейірімін әсем әуенмен жеткізіп, байқаудың жүлделі ІІ орнын иеленді.

Рузана Үсенованы жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен алдағы уақытта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.