«Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Таутен ауданға келіп, жастармен кездесті.
Қаракемер, Сортөбе, Жамбыл ауылдық округтерінің жастарымен жиналыс өткізіп, олардың тарапынан қойылған сұрақтарды талқылап, мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды ақпарат беріп, ұсыныстарын назарға алды. Сонымен қатар, Қаракемер мен Жаңатұрмыс ауылдарында жастарымен асарлатып салынған үйлерді аралап, Қаракемердің спорт кешенінде өткен «Спорт – денсаулық кепілі» атты ауыл жастары арасындағы кіші футбол ойынына қатысты. Сонымен қатар, Сортөбе ауылдық округіндегі балық шаруашылығымен айналысатын «KORDAY Fish» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Сапар барысында қонақтар аудан бойынша мемлекеттік грант ұтып, өз кәсібін жандандырып келе жатқан жас кәсіпкерлердің жұмысымен таныс болды. Нақтырақ айтқанда, Жамбыл ауылында құмблок шығаратын жас кәсіпкер ЖК «Мақашев», Қордай ауданының жас кәсіпкері «Тимур Bаkerу», Бетқайнар ауылының жас кәсіпкері ЖК «Жанерке» наубайханасын көріп, басқарма басшысы Серікбол Қайратұлы мен Айбек Қанатұлы жұмыстарына табыс тіледі.
Сондай-ақ, Бетқайнар ауылдық округінде орналасқан №7 «Бетқайнар» колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, кездесу барысында білімгерлердің толғандырған сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын назарға алды. Колледж директоры Гүлнара Алимбаева білім орнының егістік алқабы және жылыжаймен таныстырып өтті.
Гүлжазира ДЕМЕУОВА,
ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы