Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айбек Кадралиев Қордай ауданына жұмыс сапары барысында аудан жастарымен кездесті. Сонымен қатар, Масаншы ауылдық округіне ат басын бұрып, онда жастар заманауи жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.
Сапар барысында облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Кітап оқу – рухани байлықтың көзі» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.
Бұл шарада жастар назарына түрлі жанрдағы көркем және ғылыми әдебиеттер ұсынылып, кітап оқудың рухани дамудағы рөлі туралы еркін форматтағы кездесу өтті.
Жұмыс сапарының келесі бөлігінде «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» атты аудан мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесуімен жалғасты. Кездесу барысында кәсіби бағдар беру, еңбек нарығындағы тенденциялар және саналы таңдау жасау мәселелері қозғалды. Кездесу спикерлері жас буынға мемлекеттік бағдарламалар туралы пайдалы кеңестерімен бөлісті.